Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Тұсаукесер

Қазақ халқының даңқты ұлдарының бiрi Мәлiк Ғабдуллиннiң Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттiк архивiнде Қазақстан Жазушылар одағының қолжазба қорында сақталған «Қазақ баласы», «Сын казаха» атты қолжазбасы кiтап болып оқырман қауымға жол тартты.

Жазған хаттары мен естелiктерiнен қазақ-орыс тiлiнде «Қазақ баласы» атты дүние жазып жүргендiгi оны сақтық шарасында ағасы Сәбит Мұқановқа жолдап отырғандығы туралы оқыған едiк. Бұл туралы Сәбит Мұқановтың естелiктерiнде де айтылады. 2019 жылы М.Ғабдуллиннiң Батыр атағын алған күнiне орай өткiзiлген конференцияда шәкiртi Серiк Негимов ұстазы М.Ғабдуллиннiң «Қазақ баласы» қолжазбасын таба алмай жүрмiн дегенiн естiген бiздер Мәлiк Ғабдуллиннiң жарық көрмеген, анығы жарық көре алмаған кiтабының қолжазбасын iздестiру үшiн арнайы Алматы қаласына iс-сапарға шықтық. Бiрнеше жылдар бойы табылмай жүрген қолжазба ҚР Орталық мемлекеттiк архивiнiң Жазушылар Одағының қолжазба қорынан табылды.

Қолжазба күйiнде сақталған М.Ғабдуллин мұрасының көшiрмесi музейдiң ғылыми қызметкерлерiнiң зерттеу жұмыстарының нәтижесiнде 2019 жылы Көкшетауға жеткiзгеннен кейiн, электронды нұсқасы дайындалып ғылыми кеңестiң қарауында сараптама жасалып, баспаға ұсынылды.

Бүгiнде бұған дейiн сарытап қағаздарда шаң басқан қолжазба түлеп, түрленiп уақыт олжасына айналып, өз оқырмандарына бұйырды.

Бұл еңбек оқ пен оттың арасында қағазға түскен сол сәттердегi көңiл-күйдiң туындысы ретiнде құнды.

Тұсаукесерге көкшелiк қаламгерлер мен зиялы қауым өкiлдерi қатысты. «Ақмола — «Тiршiлiк» ЖШС-нiң директоры, жазушы, драмматург. музей жанашыры Жабал Ерғалиев пен Ақмола облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Алтынай Әмiренова кiтаптың тұсауын кестi.

Iс-шарада сөз алған ғылыми кеңестiң мүшелерi, осы кiтапқа тпiкiр жазған ғалымдар Ақмола облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ғосман Төлеғұл, филология ғылымдарының кандидаты Аян Қажыбай және филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек қолымызға тиiп отырған бұл еңбектiң ең басты құндылығы ол оның еш қоспасыз жазылған шынайылығында екендiгiн айтты. Ғалымдар бiрауыздан «Қазiргiдей кiтап оқымайтын кезеңде, бiз бүгiнгi жас ұрпақтың санасына патриоттық сезiмдi сiңiру үшiн, осы еңбектiң насихатын күшейту жолында жұмыс жасауымыз керек. Мұны бәрiмiздiң ортақ мiндетiмiз деп бiлемiн» деген ой-пiкiрлерiн ортаға салды.

Iс-шараға қатысқан ел ағалары Батырдың 105 жылдығы мен Жеңiстiң 75 жылдығына орай шығарылған құнды еңбектiң жарыққа шығуымен құттықтап, музей қызметкерлерiне өз ризашылықтарын бiлдiрдi.

23.12.2020

Қараулар: 1498

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау