4-шi залда келушiлер ғалымның жұмыс кабинетiнiң көрiнiсiмен, жеке заттарымен, академиктiң кiтапханасымен таныса алады. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң көмегiмен Алматы қаласынан Мәлiк Ғабдуллиннiң пайдаланған заттары, әдеби, ғылыми мұралары мен музейдiң тыныс-тiршiлiгiн айқындайтын жәдiгерлерi арнай әкелiнiп қойылған.
Мәлiк Ғабдуллин музейi елiн, жерiн найзаның ұшымен қорғай бiлген батыр бабаларымыздың жүрiп өткен iзiн жалғастырушы өскелең ұрпаққа М.Ғабдуллиннiң өмiрi мен шығармашылығын, батырлығын, патриоттық, отансүйгiштiк қасиеттерiн насихаттайтын, соғыс ардагерлерiнiң майданда жасаған ерлiктерi негiзiнде жас ұрпаққа тәрбие беретiн патриоттық орталық.
Музейдiң ғылыми қызметкерлерi осы бағытта ғылыми-зерттеу, ақпараттық — танымдық, ғылыми-ағарту, мәдени — көпшiлiк, экскурсиялық жұмыстар атқарады.