Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Музейдің басылымдары

 

 Бұл кітап Кеңес Одағының батыры М.Ғабдуллиннің от пен өрттің ортасында жүріп екі тілде жазған   «Қазақ баласы» қолжазбасынан басылып шықты. Кітапта Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде       Бауыржан Момышұлы бастаған қазақ жауынгерлерінің жасаған ерліктері мен қаһармандық істері тұралы айтылады.

Кітап жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары оқытушыларына, студенттеріне, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

 

 

Бұл кітапқа Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы М.Ғабдуллиннің 1941-1972 жылдар аралығында өзі жазған және оған жазған хаттар топтастырылған. Хаттардың шертер сырлары әр алуан.

Кітап студенттер мен көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

Альбом-кітап Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың қолдауымен басылып шықты.

 

 

 

 

 

 

Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрiгi»

Редактор Ж.Бекенов. Астана, 2000 ж. Бұл кiтап М.Ғабдуллин жайында жазылған естелiктер, мақалалар, хаттар, арнау өлеңдер жинағынан құралған.

 

 

 

 

  

М.Ғабдуллин «Шығармашылық және эпистолярлық еңбектер»
(Төрт томдық жинақ)

Бұл төрт томдық жинаққа академик, жазушы М. Ғабдуллиннiң әр жылда жарық көрiп, кейiн архивтiк деректермен толықтырылған әдеби шығармалары мен эпистолярлық еңбектерi кiргiзiлген. Кiтап Ақмола облысының «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарлама аясында басып шығарылды.

 

 

 

 

 

 

 

«Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлiк Ғабдуллин музейi»

Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлiк Ғабдуллин музейi туралы түрлi-түстi кiтапша

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қанай би және оның ұрпақтары»

Редактор Ж.Бекенов. Көкшетау, 2010 жыл. Кiтапта Жоңғар шапқыншылығына қарсы төтеп берген атақты қолбасшы, батыр, Абылайды хан көтерген билердiң бiрi, ақылшысы Қарауыл Қанай Би Құттымбетұлы туралы сөз болады. Қанай би ұрпақтары М. Ғабдуллин, М. Ысқақов, Баян Жанғалов, Өзбек Елемесов және тағы басқалар туралы да кеңiнен айтылады.

 

 

 

 

 

«Библиографиялық көрсеткiш»

Алматы, 2011 ж. Бұл библиографиялық көрсеткiш Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигi, КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының академигi, филология ғылымдарының докторы, профессор, РСФСР Педагогика ғылымдары Академиясының толық мүшесi, Қазақстан ғылымына еңбегi сiңген қайраткерi, көрнектi қоғам қайраткерi — Мәлiк Ғабдоллаұлы Ғабдуллиннiң еңбектерiне арналған.

 

 

 

 

 

 

«Мәлiк батыр»

Редактор Қ.Мырзабек. Көкшетау, 2012 ж. Кiтапта қазақ халқының қаһарман перзентi, Кеңес Одағының батыры, академик-ғалым, жазушы, даңқты педагог М.Ғабдуллинге арналған өлең-жырлар, оның 90-жылдығына орай өткiзiлген ақындар айтысы кiрген.

 

 

 

 

 

 

2014 жылы ақпан айында Алматы қаласына жасалған
ғылыми экспедиция баяны

М.Ғабдуллинiң 100 жылдық мерейтойына орай дайындалған эксклюзивтi көптомдық шығармалар жинағына М.Ғабдуллин туралы материалдар жинақтау мақсатында музей қызметкерлерiнiң Алматы қаласына барған экспедиция материалдарын құрайтын буклет. Экспедиция аясында ҚР Мемлекеттiк орталық архивiнде, Қазақстан Республикасының кiтаптар музейiнде, Қазақстан Республикасының кiтаптар палатасында, Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасында тынымсыз жұмыс атқарылды. Сапар барысында қазақ журналистикасының ардагерi Сарбас Ақтаев, ф.ғ.к,. жазушы, М.Ғабдуллинiң шәкiртi Сапабек Әсiпұлы, атақты ғалым Мекемтас Мырзахметұлы, сонымен қатар, Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылы Мәлiк Ғабдуллин атындағы мектеп ұстаздары және оқушыларымен кездесу кештерi өттi.

 

 

 

Музейдiң жарқын беттерi

М.Ғабдуллин музейi ұйымдастырған ғылыми экспедициялар, өткiзiлген көпшiлiк iс-шаралар және музейдiң экспозициялық залдары туралы мәлiметтер жинақталған буклет.

 

 

 

 

 

 

 

Музей шежiресi

Бұл фотокiтапқа музейдiң экспозициялық залдарының алғашқы және жаңартылған көрiнiстерi, музей қорындағы материалдар, М.Ғабдуллинiң фото-суреттерi, қылқалам шеберлерiнiң жұмыстары, М.Ғабдуллинiң жазған хаттары, сонымен қатар, шығармалар, ғылыми еңбектер, М.Ғабдуллинiң құжаттары, музейдiң кәдесыйлары, музей тарихындағы елеулi оқиғалар, әр жылдарда музейге келушi құрметтi қонақтар мен экспедицияның фото суреттерi ендi.

 

 

 

ЖЕЛТАУДЫҢ ЖЕЛМАЯСЫ

Буклет ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған, ЭКСПО-2017 көрмесi қарсаңында ұйымдастырылған «Желтаудың желмаясы» атты тарихи-этномәдени көрмелер фестивалi аясында дайындалды.

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

САПАРЛАР ЖОЛЖАЗБАСЫ-I

Музей ғылыми қызметкерлерiнiң Алматы қаласы Абай атындағы Қаз ҰПУ-нiң Мәлiк Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығына және Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылы, Қаратал ауданы Кiшiтөбе ауылындағы республикалық М.Ғабдуллин атындағы мектептерге жасалған «Мәлiктiң рухы халықпен» атты ғылыми экспедицияның материалдарынан жинақталған буклет.

 

Мақаланың шыққан күні: 05.11.2019 12:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.04.2021 17:34

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау