Елбасының "Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру" мақаласының аясында М.Ғабдуллин музейiнде ашылған "Майдангерлер мұрасы" атты көрме көпшiлiк көңiлiнен шығуда.
Соның бiр дәлелi — Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң өмiрiнен сыр шертетiн бұл көрменi тамашалауға келушiлер қатарының күн сайын артуы. Мәселен, 22 тамыз күнi музейдiң экспозициялық залдары мен көрме залындағы майдангерлер мұрасын өзiнiң отбасымен арнайы келiп тамашалаған Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттiң "юриспруденция" кафедрасының профессоры Ш.С. Тоғайбаева өз ризашылығын музейдiң тiлек кiтабына жазып қалдырды.
Сондай-ақ Ш.С. Тоғайбаева Астанадағы ЖОО Мәлiк Ғабдуллин тұлғасын насихаттау мақсатында музей қызметкерлерiмен бiрлесiп iс-шара ұйымдастыру жөнiнде ұсыныс бiлдiрдi.