2-шi залда М.Ғабдуллиннiң Панфилов дивизиясында автоматшылар ротасының саяси жетекшiсi, кейiн КСРО Қорғаныс Министрлiгi Саяси Бас Басқармасында үгiт-насихат бөлiмiнiң бастығы болып iстегенi жөнiнде материалдар, Қазақстан суретшiлер одағының мүшесi С. Пожарский жасаған соғыстың сұрапыл кезеңi бейнеленген "Ширяево ауылы үшiн шайқас" деп аталатын дыбыстық әсермен жабдықталған диорама қойылған. Витриналарда ҚР Орталық мемлекеттiк мұрағатынан алынған "М.Ғабдуллиннiң қысқа мерзiмдi демалысқа келуi 1943 ж." бiрегей деректi фильмi мен М.Ғабдуллиннiң кiтаптары, орден, медальдары және М. Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы 1943 жылғы Жарлықтың түпнұсқасы — құнды экспонат ұсынылды.