Музей қорына қабылданған әрбір зат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінде маңызы зор мұрағат ретінде жылдар бойы сақталып, көпшілікке насихатталуда.
Осы мақсатта 16 тамыз күні Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мұрагерлері қорға тапсырған құнды жәдігерлер бойынша ұйымдастырылған «Майдангерлер мұрасы» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ұлы Отан соғысының ардагері Габдулкафеев Жават Нурсаифұлы, Ауған соғысының ардагері Қосмағанбет Қайролла Жолдасұлы, қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы Жастардың патриоттық және адамгершілік тәрбиесі бойынша тұрақты кеңестің төрайымы Марченкова Галина Альбертовна және Көкшетау техникалық институтының студенттері қатысқан іс-шараның тәрбиелік мәні зор болды.
Жават Нұрсаифұлы майдан даласындағы ерліктерінен сыр шертсе, музейдің ғылыми қызметкері Ж.Қажыбай осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында және музейдің бас қор сақтаушысы С.Жүзжанова музей қорына осы уақытқа дейін қабылданған жәдігерлер жайлы толық мағұлмат берді.
Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Балалар шығармашылық орталығынан келген Сүлейменова Ясмина мен республикалық байқаулардың жеңімпазы Қалқатай Аида әсем ән шырқап, музейдің ғылыми қызметкері Тоқтасын Семейханұлы арнау өлеңін оқыды. Сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының студенті Орынбасар Бақыт "Мен қазақпын" өлеңін оқып берді.
Көрме бір ай бойы қала қонақтарына насихатталады.