1-шi залда Мәлiк Ғабдуллиннiң әрi батыр, әрi би бiр ауыз сөзiмен бұқара халықты аузына қаратқан атақты шешен — Қарауыл Құттымбетұлы Қанай биден тараған ұрпақ екендiгiн растайтын Шежiре және Қанай бидiң портретi (авторы-Д.Қоспанов) орналасқан. М.Ғабдуллиннiң балалық шағына байланысты тұрмыстық заттар мен құжаттар, әкесi Ғабдолла Елемесұлы пайдаланған 1892 жылы Меккеден әкелiнген қисуа, Құран кiтабы, кiсе белбеу, 1908 жылы Қазан қаласында басылған “Мұхамедия” кiтабы, М.Ғабдуллиннiң мектеп өмiрi, ҚазПи-де оқығаны, Қазақстанның көрнектi жазушылары, бiлiм қайраткерлерi туралы және ҚР Мемлекеттiк архивiнен алынған құжаттар, «Қобыланды батыр” жырын ғылымдық зерттеудiң проблемалары” деген кандидаттық диссертациясы және тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмахановтың жазған пiкiрi қойылған.