Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Біздің Мәлік

Музей қызметкерлерінің Алматы қаласына жасаған "Тәуелсіздікпен түрленген құндылық"атты ғылыми-танымдық экспедициялық сапары Алматы қаласының музейлер бірлестігіне қарасты «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде» өткен «Біздің Мәлік» атты кешпен түйінделді.

Кешті жүргізген ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі Әділғазы Қайырбеков Сәбит Мұқанов пен Мәлік Ғабдуллиннің арасындағы шығармашылық пен бауырластық қарым-қатынасына тоқтала келіп, сөз кезегін М.Ғабдуллин музейінің қызметкерлеріне берді. Музейдің қор сақтаушысы С.Қ.Жүзжанова музей қызметі мен бағыттары туралы, М.Ш.Жолаушина «Қазақ баласы» мен «Мен халықтың ұлымын» кітаптарына қысқаша шолу жасады. Кешке Мәлік Ғабдуллин 12 жыл басшылық қызметте болған Абай атындағы ҚазҰПУ дің (бұрынғы Абай атындағы ҚазПИ) филология факультетінің студенттері мен музей қызметкерлері қатысты.

Музей кешені қорынан ғалымға қатысты материалдардан (кітап, қолжазба, фото, хат, т.б.) «Біздің Мәлік» атты тақырыпта ұйымдастырылған көрменің таныстырылымы жоғары деңгейде өтті.

Кеш соңында Музейдің бас қор сақтаушысы С.Қ. Жүзжанова С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің қорына «Қазақ баласы» мен «Мен халықтың ұлымын» және «Жемісті жылдар» альбом -кітабын сыйға тартты.

М.Ғабдуллин музейінің қоры ақын Ә.Қайырбековтың "Назқоңыр" өлеңдер жинағымен және Мәриям Мұқанованың "Сағынышым Сәбитім", Ә.Қайырбековтың құрастыруымен жарық көрген "С.Мұқановпен серуен" жолсілтеме және "Мұқановтың хатханасы" кітабымен толықты.

05.03.2021

Қараулар: 1494

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау