Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Менің Тәуелсіздігім» жас суретшілер байқауы

18 наурыз күні Мәлік Ғабдуллин музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Тәуелсіздігім» атты жас суретшілер байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты: Оқушылардың ұшқыр қиялымен сурет салу арқылы Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсете отырып, балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және шеберліктерін шыңдау болып табылады.

Байқауға қаланың 14 мектебінен өтініш келіп түсті, барлығы 27 оқушы өзара бақ сынады.

Суретшілер байқауы екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең бойынша байқауға қатысушы үміткер А3 форматында салынған суретін Мәлік Ғабдуллин музейіне әкеліп тапсырды. Ережеге сәйкес, қазылар алқасының шешімімен бірінші кезеңнен өткен оқушылар екінші кезеңге жолдама алды.

Ал, екінші кезең бойынша үміркерлер сурет салу процесі көрсетілген видеоролик ұсынған болатын. Екінші кезең бойынша қазылар алқасының отырысы өтіп, байқау қорытындысы шығарылды.

Нәтижесінде жүлделі III орынды №15 ОМ оқушысы Лактюшина Лилия. Жүлделі II орынды №4 ОМ оқушысы Счастливая Евгения иеленсе, жүлделі I орынды № 10 ОМ оқушысы Есмуханбетова Жансая қанжығасына байлады. Ал, №1 ОМ және Красный Яр №2, Красный Яр №3 орта мектептерінің оқушылары «Сюжеттік композиция» , «Ұшқыр қиялы үшін», «Сурет салу техникасы үшін» номинацияларымен марапатталды. Сондай-ақ, оқушыларды байқауға дайындаған жетекші ұстаздарға алғыс хаттар табысталды.

18.03.2021

Қараулар: 1701

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау