Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Алыс және жақын шетелдердің музей ісін дамытудағы тәжірибелері»

18-20 желтоқсан күндерi Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейiнiң 5 жылдығына арналған Қазақстан музейлерiнiң қазiргi әлемнiң өзгермелi жағдайларына бейiмделуi мен музейлер әлеуетiн тиiмдi пайдалану жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан музейлерi: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты халықаралық форумға музейдiң ғылыми қызметкерлерi қатысты.

Бағдарламада «Алыс және жақын шетелдердiң музей iсiн дамытудағы тәжiрибелерi», «Қазақстан музейлерi: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыптарында панелдiк отырыстар ұйымдастырылды.

Шараның ашылу салтанатында Ұлттық музей директоры А.Мұхамедиұлы, Мемлекет және қоғам қайраткерi, ф.ғ.д., профессор М.Жолдасбеков, археолог-ғалым З.Самашев, Германия Федеративтiк Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Тило Клиннер сөз сөйлеп, баяндамалар оқыды.

19 желтоқсан күнi алаштың ардақтысы, қазiргi қазақ әдебиетiнiң негiзiн қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткерi Сәкен Сейфуллиннiң музейiнде болып, музейдiң кiрiспе бөлiмiне қойылған алаштың үш арысы С.Сейфуллин, Б.Майлин, I.Жансүгiровтiң мүсiндерiн тамашалады. Музей экскурсоводы Г.Хұсайынова қиын қыстау заманда туып, елдiң ертеңi үшiн жандарын қиған ұлыларды ұлықтап, ұрпаққа насихаттау жолындағы жұмыстарымен таныстырып, келер жылғы

Iс сапардың соңғы күнi, яғни, желтоқсанның 20-сы күнi Қазақ ұлттық академиялық кiтапханасынан ақмолалық жазушылар Мәди Хасенов, Нөгербек Мағзұмовтар жайында деректер iздеу жұмыстарын жүргiздi.

Кiтапхана қорынан ақмолалық жазушылар Мәди Хасеновтiң 9 және Нөгербек Мағзұмовтың 4 кiтабын алып танысты. Ғылыми қызметкерлер осы аталған жазушылар жайында жинақталған материалдарды өңдеп, жүйелеп музей қорына тапсыратын болады.

Сонымен қатар, музей қызметкерлерi ұлттық академиялық кiтапхананың төрiнен орын алған заңғар жазушы Әбiш Кекiлбаевтың жұмыс кабинетiне қойылған кiтаптармен, қабырға сағаты, үстел шамы т.б құнды жәдiгерлермен танысып, тамашалады.

Осындай ұрпаққа үлгi болатын Сәкен серi Жүнiсов, Еркеш Ибрахимов, Естай Мырзахметов сынды тұлғалардың да өз жерiмiзде кабинеттерi болса нұр үстiне нұр болар едi.

18.12.2019

Қараулар: 1127

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау