Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Бабалар мұрасы — жыршылық дәстүр

Желтоқсан айының 11 күнi Мәлiк Ғабдуллин музейi мен Ақмола облыстық бiлiм басқармасының бiрiгiп ұйымдастыруымен облыстық «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтушылар байқауы өткiзiлдi.

Байқауға Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Егiндiкөл, Бурабай, Есiл, Жарқайың, Зерендi, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары және Астана, Степнагорск, Көкшетау қалаларынан барлығы 20 үмiткер қатысты.

Арнайы тағайындалған қазылар алқасының шешiмiмен үш үмiткер грамотамен марапатталып, Аршалы ауданынан келген Береке Марал, Целиноград ауданынан келген Ергелдинов Бек және Көкшетау қаласындағы Қазақ-Түрiк лицейiнiң оқушысы Көңбай Ерқасым 3-шi жүлделi орынға ие болды.

Ал Көкшетау қаласындағы №18 мектеп оқушысы Қайыргелдин Асылхан 2-шi орынға ие болса, Астрахан ауданынан келген үмiткер Өмiрзақ Бауыржан 1-шi жүлделi орынға қол жеткiздi.

Бас жүлденi Бурабай ауданынан келген Тоқанов Санжар еншiледi.

Байқауға қатысушы барлық үмiткерлерге алғыс хаттар, жүлделi орындарға ие болған жеңiмпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етiлдi.

Сондай-ақ оқушылары жеңiске жеткен жетекшi ұстаздардың еңбектерi де еленiп арнайы алғыс хаттар табыс етiлдi.

Состоялся областной конкурс чтецов эпоса «Кобланды батыр» Состоялся областной конкурс чтецов эпоса «Кобланды батыр» Состоялся областной конкурс чтецов эпоса «Кобланды батыр» Состоялся областной конкурс чтецов эпоса «Кобланды батыр» Состоялся областной конкурс чтецов эпоса «Кобланды батыр» Состоялся областной конкурс чтецов эпоса «Кобланды батыр»

11.12.2015

Қараулар: 1912

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау