Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Қазыналы қарттарым» кездесу кеші

4 қазан күні Даналық пен мейірім айлығы аясында Мәлік Ғабдуллин музейінде қоғам қайраткері, музей жанашыры Қаратай Төлекеевпен «Қазыналы қарттарым» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу барысында Қаратай Бәйкенұлы өмір жолындағы әдемі естеліктерімен бөлісіп, өзінің суретшілік қыры, әншілік қыры туралы баяндап берді.

М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп гимназиясының ұстаздары Ботагөз Ахметжанова мен Ербол Рахимович ыстығы мен суығы қатар жүрген ұстаздық жолдың қызықты сәттерін еске алды.

Музей директоры Кенжебай Мұқышев кешті Біржан салдың «Жамбас сипар» әнімен өрнектесе М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қуаныш Оспан сиясы кеппеген «Іңір» өлеңін оқып көрермен қауымның ықыласына бөленді.

Кеш соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызының алғыс хаты табысталды.

Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ерболат баятұлы жүргізді.

 

04.10.2024

Қараулар: 57

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау