3-7 мамыр аралығында Қажымұқан атындағы № 3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiндеЖеңiс күнiне және даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиндi еске алуға арналған XIX дәстүрлi республикалық бокс турнирі өтті.
Турнирде Астана, Көкшетау, Павлодар, Екібастұз, Алматы, Ақтөбе қалаларынан барлығы 200-ге жуық боксшы өз бақтарын сынады. Ал, Ақмола облысының намысын Көкшетау, Степногорск, Бестөбе, Шучинск қалаларымен, Зерендi, Целиноград, Есіл аудандарынан келген жас спортшылар қорғады.
Бүгін XIX дәстүрлi республикалық бокс турнирінің салтанатты жабылу рәсіміне Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова қатысып, жүлдегер атанған спортшыларды марапаттады.
03.05.2023
Қараулар: 711