Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Попиков Николай Кириллович

Попиков Николай Кириллович Ақмола облысының Новобратское селосында 1925 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында әскерге шақырылады. Ташкенттегi телеграф операторларының жедел курстарын аяқтағаннан кейiн, 4-шi Украина майданы 24-артиллерия дивизиясына полк барлауының радиооператоры болып кiредi.

Көптеген қанды шайқастарда Украинаны, Польшаны, Чехословакияны азат етiп, Одер оперециясына қатысқан. Жеңiс күнiн ол Прага қаласында қарсы алған. Денсаулығына байланысты 1945 жылдың соңында әскерден босатылады. Ол бiрден өндiрiстiк зауытқа жұмысшы болып жұмысқа орналасады. Өндiрiсте барлық жұмыс түрiн өткерiп, шеберхана басшысы, кейiн директоры болып қызмет атқарған. 1947 жылы отбасын құрған, 3 бала өсiрiп тəрбиелеген. Бiрнеше мемлекеттiк марапаттардың иегерi.

27.07.2020

Қараулар: 962

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау