Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Ұлы дала мұрасы

Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Ұлы Дала Елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы» атты тарихи — танымдық көрмесі халықаралық музейлер күніне арналды.

Көрменің мақсаты киелі Түркістан мен көрікті Көкше өңірінің арасында рухани, мəдени жəне музейаралық қарым-қатынасты нығайту, ұлттық құндылықтарымыз бен халқымыздың тарихын таныту, музей қызметі және ондағы жауһар жәдігерлерді көкшетаулықтар мен қала қонақтарына кеңінен насихаттау.

​Ашылу салтанатында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова, Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Ұлы Дала Елі» орталығының ғылыми қызметкері Ибрагимова Айжан сөз сөйледі.

Мәлік Ғабдуллин музейі мен «Ұлы дала елі» орталығы өзара тәжірибе алмасу, өңіраралық әріптестікті, рухани — мәдени шығармашылықты нығайту мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойып, құжаттар алмасты.

«Ұлы дала мұрасы» атты тарихи — танымдық жылжымалы көрмесін экскурсовод Иманбаева Қарашаш таныстырды.

​Көреремен назарына Қазақ хандығы дәуірін сипаттайтын жалпы саны 30-ға жуық тарихи маңызы бар жәдігерлер ұсынылды.

Көрмедегі тарихи маңызды, құнды жәдігерлердің бір парасы тасқа қашалған, кірпішке күйдірілген, ағашқа ойылып сақ, руна, араб, латын қаріптерінде жазылған хаттар.

​Тарихи — танымдық көрмені тамашалаған қонақтарымыз тарихшы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ұстаздары тарих ғылымдарының кандидаты Аманай Сейтқасымов, филология ғылымдарының докторы Аян Қажыбай, Ақмола облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, тіл жанашыры Қаратай Төлекеев көрме туралы ой пікірлерін білдіріп, Түркістан мен Көкшетау елінің тарихи, рухани байланыстарына тоқталып, тарихи-тағлымдық көрменің көрермен үшін маңызды екенін ерекше атап өтті.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің студент жастары, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының тыңдаушылары мен қала қонақтары «Ұлы дала мұрасы» атты тағылымы мол көрмені тамашалады. 

15.05.2024

Қараулар: 384

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау