Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
М.Ғабдуллин жүлдесі үшін «Көкшетау мергендері» атты жамбы атудан турнир

11 ақпан күнi Ұлттық спорт түрлерiн дәстүрлi түрде өткiзу мақсатында Мәлiк Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берiлген күнге орай М.Ғабдуллин Музейi мен Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерiнен балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң бiрлесе ұйымдастыруымен оқушылар арасында Жамбы атудан қалалық турнир өттi.

Жарысқа М.Ғабдуллин атындағы №3 көптiлде оқытатын кәсiби мектеп гимназиясы мен IT мектеп-лицейiнiң оқушылары қатысты.

Жамбы ату — жауынгерлiк өнер. Ер жiгiттiң мергендiк, ептiлiк қабiлетiн сыннан өткiзетiн, намысын жанитын ойынның бiр түрi. Елбасымыздың «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласының аясында жастар өмiрi ерекше назарға ие болып жатқан уақытта осындай ұлттық ойындарымыз бен өнерiмiздi дәрiптеудiң маңызы зор. Құралайды көзге атқан мергендiкке тәрбиелейтiн М.Ғабдуллин жүлдесi үшiн өткiзiлiп отырған бұл жарыстың Батырдың өзi оқыған қара шаңырақ М.Ғабдуллин атындағы мектепте өткендiгi тегiн емес. Мәлiк Ғабдуллиннiң соғыс жылдарындағы көрсеткен батырлық қасиеттерiнiң iшiнде, оның майдандас достары арасында ерекше айтылатындары — «ши үстiнен шiркей атқан» мергендiгi, қырағылығы, өз қаруын жiтi бiлуiндегi мұқияттылығы пен ептiлiгi. Бұл жарысқа нағыз ерге тән қасиеттер дарыған ертеңгi күнi елiнiң тiрегi болар 18 садақшы қатысып өз бақтарын сынады.

Iс-шарада Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң директоры Қ.Р. Мырзабек, Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт мектебiнiң директоры М.М. Қойшин және М.Ғабдуллин атындағы №3 көптiлде оқытатын кәсiби мектеп гимназиясының директоры Р.К. Әбiлхамитова құттықтау сөз сөйледi.

Сондай-ақ, көпшiлiк назарына мектеп оқушылары дайындаған шағын концерттiк бағдарламасы ұсынылды.

Жарыс нәтижесiнде жүлделi 3 орынды IТ мектеп-лицейiнiң оқушысы Иртай Жантiлек, 2 орынды М.Ғабдуллин атындағы №3 мектебiнiң оқушысы Кайсарбек Темiрлан иеленсе, жүлделi 1 орынды IТ мектеп-лицейiнiң оқушысы Жұмаш Абылай жеңiп алды. Жүлдегерлерге арнайы дайындалған естелiк сыйлықтар табысталып, сонымен қатар ақшалай марапат берiлдi.

М.Ғабдуллин жүлдесі үшін «Көкшетау мергендері» атты жамбы атудан турнир

11.02.2019

Қараулар: 1159

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау