Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан

Есіл-көкше өңірінің түпкі тарихы бір-бірімен біте қайнасып жатқан, талай ұлыларды дүниеге әкелген қарағайлы-қасиетті мекен.

11 маусым күні, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасына қарасты Мәлік Ғабдуллин музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Абылайханның 310 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл көрмені «Көкшетау – Қазастанның мәдени астанасы» жол картасы аясында Петропавл қаласы «Абылай хан резиденциясы» музей кешені қойды.

Іс-шара Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлімованың және жазушы, драмматург, «Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиұлы Ерғалиевтің құттықтау сөзімен басталды.

Үш жүздің басын біріктірген, қазақ тарихында ұлы мемлекет қайраткері Абылай хан мен Атығай Қарауылдың бетке ұстар биі Қанай шешен арасындағы достық пен селкеу түспеген сенімділіктері кешегі тарих беттерінде таңбаланып жазылып қалды.

Қанай шешен қазақ халқының қаһарман ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің тоғызыншы атасы.

Қос тұлғалық музейді байланыстыратын атақты тұлға Абылайханның өмірі мен қызметіне арналған «Тәуелсіздік туын биік көтерген Абылай хан» атты көрмемен экскурсовод Назгүл Абайқызы Бейсенбина таныстырды.

Іс-шараға көкшелік зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Жылжымалы көрме маусым айының 11 мен 25 аралығында жұмыс істейді.

11.06.2021

Қараулар: 1572

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау