Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Малахов Валентин Иванович

Малахов Валентин Иванович 1923 жылдың 30 шiлдесiнде Көкшетау облысы Айыртау ауданы Володаровка селосында дүниеге келген. Орта мектептi тәмамдаған соң 1942 жылы әскер қатарына алынып, Көкшетау маңындағы қосалқы полкте дайындықтан өтедi. Сержант мектебiнiң курсанты Валентин Иванович майданға аттанып, байланыс бөлiмшесiнiң командирi ретiнде алғашқы ұрысқа Шаблеевка қаласын азат ету шайқасында қатысады. Осындай сұрапыл шайқастардың бiрiнде екi аяғынан ауыр жарақат алып, госпитальде емделген соң арнайы атқыштар дивизиясы әскери бөлiмшесiнiң орталық телефон бекетiнiң бастығы болып тағайындалады. 1943 жылы мина жарықшағы тиiп, ауыр жарақат алып, Тбилиси қаласында госпитальде емделедi.

Әскери қызметке одан әрi жарамсыз деп танылып, әскери мiндеттен босатылып, елге оралған соң ұзақ жылдар бойы ұстаз, орта мектеп директоры болып қызмет атқарады.

Ерен ерлiгi үшiн 2 мәрте Отан соғысы орденiмен және көптеген медальдармен марапатталған.

20.04.2020

Қараулар: 976

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау