Бүгiн Мәлiк Ғабдуллин музейiне қазақтың көрнектi халық жазушысы Сәбит Мұқановтың жерлес iнiсi, Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит ауылының тұрғыны 82 жастағы Мәдениет Иманжанов ақсақал келiп, музей директоры Құдайберлi Рахымбекұлымен жолығып кеттi.
Жазушы Сәбит Мұқановтың Кеңес Одағының батыры, академик, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллинге жасынан қамқорлық жасап, аға мен iнiдей, ұстаз бен шәкiрттей бiр-бiрiмен етене жақын болғандығын бiлемiз.
Мәдениет Иманжановтың айтуынша, ресми басылымдарда Сәбит Мұқанов 1900 жылы 13 сәуiрде дүниеге келдi деп жазылғанымен, ауылдастары жазушының өз аузынан сиыр жылы, яғни 1901 жылы туғанын естiген екен. Мұндай дерек кей қолжазбаларында да бар дейдi. Олай болса, биыл 2021 жылы ұлы жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл толмақ.
Осыған орай, Сәбит ауылының ақсақалдары мен ауыл азаматтары бiрiгiп, алдағы күндерде Сәбит Мұқанұлының рухына дұға бағыштап, ас беруге дайындық жасап жатқан көрiнедi.
26.03.2021
Қараулар: 1664