Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Республикалық «Жас ғабдуллиншілер» клубы

15 ақпан Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында М. Ғабдуллин атындағы орта мектепте республикалық «Жас ғабдуллиншiлдер» клубына жаңа мүшелердi қабылдау рәсiмi өттi. "Жас ғабдуллиншілдер" клубы 2016 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді.

Осы уақыт аралығында клуб мүшелігіне Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарынан, Ақтөбе, Көкшетау қалаларынан және Батырдың туған жері Зеренді ауданынан барлығы 300-ге жуық оқушы қабылданды.

Музей қызметкерлерін Гүлбибі Альмухамбетова басқарып отырған мектеп ұжымы ерекше ыстық ықыласпен қарсы алды. Салтанатты шара басталмай тұрып директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Майгүл Миргалиева мектептің тыныс-тіршілігімен, 1966 жылдан бері жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берген білім ошағының жеткен жетістіктерімен таныстырды.

Сонымен қатар, "Батырым - Мәлік беренім, жүйрігім озған өренім" ашық тәрбие сағатына және "Сөз мергені" дебат клубына қатысқан көздерінде оты бар оқушылар бізді ерекше әсерге бөледі. Ал "Мәлік ғибраты" атты іс-шара аясында клуб мүшелері салтанатты түрде ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Көпшілік қауымға Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін "Ғажайып өмір баспалдақтары" жылжымалы көрмесі таныстырылып, естелік сыйлықтар табысталды.

15.02.2023

Қараулар: 730

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау