Сал-серілердің, батыр-бағыландардың мекені – киелі Көкше төрінде орналасқан Мәлік Ғабдуллин музейінде Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова облыстық мемориалды музейінің қорынан жинақталған «Ақтөбеліктер – ұлт мақтаныштары» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Бұл көрменің мақсаты: екіжақты меморандум аясында Көкшетау қаласының тұрғындарына ақтөбелік ұлт зиялылары мен батырларының ерлігін таныстыру, насихаттау және Ақтөбе мен Көкшетау қалалары арасындағы мәдени байланысты нығайту.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы – Айгүл Баубекқызы Сәбитова «Ақтөбеліктер – ұлт мақтаныштары» атты жылжымалы көрменің ашылуымен құттықтап, келген қонақтардың жұмысына сәттілік тіледі.
Көрменің ашылу салтанатында Павлодар қаласындағы «Әскери Даңқ» музейінің меңгерушісі– Жеңісбек Қадырұлы, Әлия Молдағұлова облыстық мемориалды музейінің директоры – Елена Сәрсенәліқызы сөз сөйлеп, Әлия Молдағұлова облыстық мемориалды музейінің ғылыми қызметкері – Нәзерке Жолдиева көрмені таныстырды.
Соңдай-ақ, Мәлік Ғабдуллин музейі мен Павлодар қаласындағы «Әскери Даңқ» музейі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Іс-шара соңында Мәлік Ғабдуллин музейінің аға-ғылыми қызметкері – Аягөз Мұратқызы келген қонақтарды музейдің экспозициялық залдарымен таныстырды.
14.11.2022
Қараулар: 711