Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Аябек Нұрлан Аблайұлы

Аябек Нұрлан Аблайұлы 1969 жылы жиырмасыншы қаңтарда Қызылорда облысы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1976-1986 жж №253 орта мектепте оқыған. 1987 жылдың қарашасында Кеңес әскерiнiң құрамына шақыртылды. 03.01.1988 жылы әскери ант қабылдады. Оқу жаттығудан өткеннен кейiн Ауғанстан Республикасының Горно-Бадахшан провинциясына қарасты Гүлхан селосына әскери мiндетiн өтеуге жiберiлдi.

1990-1995 жж Жамбыл технологиялық институтының есеп және аудит мамандығы бойынша оқыған. Квалификациясы экономист.

Үйленген. 3 баласы бар. «КТЖ» -«Көкшетау Локомотивтiк Сервистi Орталық » АҚ юрист кеңесшi болып жұмыс атқарған. Кәзiргi таңда заң саласында жеке кәсiпкер.

«15 лет вывода Советских войск из ДРА», «20 лет вывода советских войск из Афганистан», «30 лет вывода советских войск из Афганистан» «Батыр Шапағаты», «ҚР-ның Қарулы Күштерiне 20 жыл», «Воину-интернационалисту от благодарного афганского народа» медальдарымен марапатталған.

03.09.2020

Қараулар: 967

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау