Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ»-Масығұтов Мақыбай Қабдырұлы

Масығұтов Мақыбай Қабдырұлы 05.10.1966 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Талап ауылында дүниеге келген.

1983 жылы Көкшетау қаласындағы облыстық мектеп-интернатты бiтiредi. Сол жылы Алматы қаласындағы энергетика институтына оқуға түседi.

1985-1987 жылдары Ауғанстан Республикасында бiтiмгер-жауынгер болып әскери борышын өтейдi.

Бiтiмгерлiк жолындағы үлгiлi қызметi үшiн «Воину-интернационалисту» грамотасымен, «За отвагу», «10 лет Саурской революции», Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты», «Ветеран боевых действий», «Воину-интернационалисту от благодарного Афганского народа», «15 лет вывода Советских войск из ДРА», «За отвагу» медалiмен, «70 лет Вооруженных Сил СССР», «Ветерану войны в Афганистане», «20 лет вывода советских войск из Афганистана» естелiк медалiмен және тағы басқа медальдармен марапатталған.

Елге оралған соң Алматы қаласындағы энергетика институтында оқуын жалғастырып, инженер-электромеханик мамандығы бойынша 1991 жылы бiтiредi. Оқу бiтiрген соң 1991-1992 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында бас энергетик болып жұмыс iстейдi.

1992-1994 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласы Васильков таукен байыту комбинатында электрик болып жұмысын жалғастырады.

2004 жылы «Локомотивный центр» АҚ шаруашылық бөлiмiнiң маманы болып қызмет iстейдi.

2008 жылы «Көкше-Цемент» ЖШС-де электр желiлерiн пайдалану бойынша мастер болып жұмыс атқарады. Отбасын құрып, ұл-қыз өсiрiп, ұрпақ тәрбиелеген ардақты әке.

09.11.2020

Қараулар: 1065

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау