Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Өмірі ұрпаққа өнеге болған Көкен ақын»

16 наурыз күні Қазақстанның халық ақыны, ақын — жыршылар одағының тұңғыш президенті «Көкшенің көк нөсері» атанған Көкен Шәкейұлының туғанына 100 жыл толады.

Осыған орай 15 наурызда Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп гимназиясының ұйымдастыруымен «Көкен Шәкейұлы — айтыс өнерінің ақтаңгері» атты облыстық ІV ғылыми — тәжірибелік конференциясы өтті.

Мәлік Ғабдуллин музейі аталған мектеп гимназиясымен ынтымақтастық меморандумы аясында ұзақ жылдар бойы тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Мектеп қабырғасында ашылған Көкен Шәкеев музейі де жылдар бойғы байланыстың нәтижесі деп білеміз.

Конференция аясында Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Жанат Қажыбай «Өмірі ұрпаққа өнеге болған Көкен ақын» тақырыбында баяндама жасады.

Көкен Шәкейұлының есімін ұлықтап, жинақталған мұрасын насихаттап жүрген мектеп ұжымына ризашылығымызды білдіреміз!

20.03.2024

Қараулар: 1414

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау