Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Мәлік мұрасы ҚР Орталық мемлекеттік архив қорында

Iс сапардың алғашқы күнiн ғасыр тойын тойлағалы отырған ҚР Орталық мемлекеттiк архивынан бастадық. Ортақ жұмыстың жемiсi болған "Қазақ баласы" мен М.Ғабдуллиннiң хаттарынан құрастырылған "Мен халықтың ұлымын" кiтаптарын ҚР Орталық мемлекеттiк архивының қорына тапсырылды.

Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң бас қор сақтаушысы С.Қ.Жүзжанова ҚР Орталық мемлекеттiк архивы басшысының мiндетiн атқарушы Мұхит Кәдiрбекұлы мен Мәрзия Жылысбаеваға "Қазақ баласы" қолжазбасын iздеудегi көрсеткен көмектерi үшiн алғысын бiлдiрiп, алдағы уақытта музей қабырғасында архивпен бiрлесiп көрмелер мен ғылыми-танымдық iс шаралар өткiзуге келiстi.

Кездесу барысында музей жанашыры көп жылдар бойы ҚР Орталық мемлекеттiк архивының басшысы болған Л.С.Ақтаеваға Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы А.Б.Сәбитованың Алғыс хаты табысталды.

Кездесу соңында архив директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева архив залдарына экскурсия өткiзiп, өз жұмыстарымен таныстырды.

03.03.2021

Қараулар: 1339

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау