Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Айтыстың көк семсері Көкен ақын» шеберлік сабағы

Биылғы жылы Қазақстанның халық ақыны, Қазақстанның ақын-жыршылар қоғамының тұңғыш президенті «Көкшенің көк нөсері» атанған Көкен Шәкейұлының туғанына 100 жыл толып отыр.

Осыған орай, 4 наурыз күні Мәлік Ғабдуллин музейі Көкен ақынның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Красный ЯР №3 мектеп-гимназиясында «Айтыстың көк семсері Көкен ақын» атты музейлік сабағын өткізді.

Музейлік сабақ аясында ақын, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq saraiy» шығармашылық бөлімінің меңгерушісі Мұхамед Қонқаев шеберлік сағатын өткізді. Сабақ барысында философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры, М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Ерболат Баятұлы халық ауыз әдебиетіндегі айтыс өнерінің тарихы туралы баяндады.

Іс-шара   Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Кенжебай Жәнібекұлы Мукушевтың орындауындағы Ақан серінің «Шырмауық» әнімен қорытындыланды.

04.03.2024

Қараулар: 590

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау