Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңақазақстандық патриотизм» халықаралық конференция

15 қараша күні Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының мәжіліс залында «Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңақазақстандық патриотизм» атты V халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияға М.Ғабдуллиннің шәкірті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д. С.Негимов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Төлеғұл, Көкшетау қалалық медициналық қызмет ардагерлері кеңесінің төрағасы Б.Жанадилов, Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, ф.ғ.к., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ассисент профессоры Аян Қажыбай, Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің директоры Е.С.Қалтаева, Павлодар қаласындағы «Әскери Даңқ» музейінің меңгерушісі Жеңісбек Қадырұлы қатысты.

Академия залында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова облыстық мемориалды музейінің ғылыми қызметкері Н. Жолдиева конференция қонақтарына «Ақтөбелектер – ұлт мақтаныштары» атты жылжымалы көрмені таныстырды.

Конференцияның пленарлық жұмысында Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің директоры Е.С.Қалтаева «Үш жұлдызы батыстың» және М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері А.Қ.Амиржанова «Героизм великих личностей и патриотические основы формирования государственной военной безопасности» тақырыбында баяндама оқыса, ақын, ф.ғ.д., Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Ерболат Баятұлы Мәлік Ғабдуллин мен әкесі Баят Жанатұлының адами қарым-қатынасы жайында естелік әңгімесімен бөлісті.

Халықаралық конференцияда М.Ғабдуллиннің шәкірті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д. С.Негимовтің Ресейдің «Художественная литература» баспасынан шыққан «Мәлік Ғабдуллин» атты кітабының ресми тұсаукесері болды. Кітапты орыс тіліне аударған журналист, жазушы-аудармашы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Төлеғұл. Кітаптар конференция қонақтарына естелік сыйлық ретінде табысталды.

15.11.2022

Қараулар: 711

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау