Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Алтын орда тарихы ұрпақ жадында» жас суретшiлер байқауы

25 ақпан күнi Мәлiк Ғабдуллин музейi мен Көкшетау қалалық бiлiм бөлiмiнiң бiрлесе ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасында Алтын орданың 750 жылдығына арналған «Алтын орда тарихы ұрпақ жадында» атты жас суретшiлер байқауы өттi.

Сурет өнерi — өнер атаулының iшiндегi көркем де бейнелi рухани қазынасы. Елiмiздiң болашағы, жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негiзiнде тәрбиелеудiң баға жетпес, теңдессiз құралы. Ұлттың тарихын, салт-дәстүрiн, өткен тұрмыс — тiршiлiгiн бейнелi әрi ұғымға жеңiл де көрнектi түсiндiретiн тек сурет мұрағаты. Бұл өнер түрi тек халықтық болмысты танытып қоймай, сонымен бiрге оқушының жеке тұлға ретiнде талғамы мен танымының қалыптасуына мол септiгiн тигiзерi сөзсiз.

Сондықтан әрбiр оқушыны ұлтжанды, отаншыл, биiк парасат иесi қылып тәрбиелеу үшiн бүгiнгi қазақ сурет өнерiн ұлт көзқарасы тұрғысынан дәрiптеу, сурет өнерiне бейiмi бар балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бәсекелестiру арқылы шеберлiктерiн шыңдау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға оқушылар мен ұстаздар және бейнелеу өнерiнiң майталмандары қатысты.

Iс-шарада Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi облыстық оқу-әдiстемелiк орталығының Мажитов Талғат Қалимжанұлы, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ «көркемөнер, сызу және дизайн» кафедрасының оқытушысы Шарипов Рустем Хасенұлы, Қалалық бiлiм бөлiмiнiң денешынықтыру және алғашқы дайындық пәнi бойынша методистi Тоқсанбаев Мұрат Серiкбайұлы сөз сөйледi.

Байқауға қала мектептерiнен барлығы 15 мектеп өтiнiм бiлдiрiп, 28 оқушы бақ сынасты.

Байқау жеңiмпаздарын арнайы тағайындалған қазылар алқасы анықтады. Байқаудың жабылу рәсiмiнде жеңiмпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

«Сюжеттiк композиция» номинациясы бойынша №14 орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы Кенесбаева Диана, «Ұшқыр қиял» номинациясымен №6 мектеп-гимназиясының 10 оқушысы Ли Алина және «Сурет салу техникасы» номинациясында №3 Мәлiк Ғабдуллин атындағы көптiлде оқытатын мектеп-гимназиясының оқушысы Мухамедьярова Айгерим үздiк деп танылды.

Байқау жеңiмпаздарына келсек, III орынды №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Дробышева Елизавета иелендi.

№5 орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы Барахоева Милана II орын иегерi атанды.

I орынды №4 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы Грунковская Мария қанжығасына байлады.

25.02.2020

Қараулар: 1201

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау