29 наурыз күні «Көкшетау - Қазақстанның мәдени астанасы 2021» аясында, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің Мәскеу түбіндегі жасаған ерлігінің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін ұмытпай, өскелең ұрпаққа насихаттау және жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрмеге Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі, Семей облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Мәлік Ғабдуллин музейінің қорынан жинақталған жәдігерлер қойылды.
Музей экскурсоводтары екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Мәскеуді қорғауға қатысқан, қазақстанда жасақталған дивизиялар туралы толыққанды ақпарат айтып берді.
Іс-шарада Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Б.Сәбитова, ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің ақпараттық-имидждік жұмыстары бөлімінің бастығы – С.Е.Селеубаева, Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры – Қ.З.Сабырбай, ақын, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қ.Р.Мырзабек және тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің доценті А.А.Сейтқасымов сөз сөйледі.
Іс-шараға Көкшетаудың зиялы қауым өкілдері, қала мектептері бойынша тарих пәнінің мұғалімдері, студенттер мен курсанттар және БАҚ өкілдері қатысты.
29.03.2022
Қараулар: 1557