Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» Дүйсенов Болат Кожмұхамматұлы

Дүйсенов Болат Кожмұхамматұлы 1966 жылы ақпанның 23 күні Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Красный яр селосында дүниеге келген. Туған жерінде ер жеткен соң, 1981-1985 жылдары совхоз-техникумының ауылшаруашылығы механизациясы мамандығын тәмәмдайды. Өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген уақытында 1985 жылдың 16 қазанында кеңес әскері қатарына шақырылып, Ауған Демократиялық Республикасына жіберіледі. 1985 жылдың қазан айынан 1987 жылдың қарашасына дейінгі уақытта әскери қызметін мүлтіксіз атқарған жас сарбаз Болат Кожмұхамматұлы аман есен елге оралады.

Әскери қызметімінсіз атқарғаны үшін «Воину-интернационалисту от благородного Афганского народа», «За отвагу и мужество», «За боевые заслуги», «Ветеран боевых действий», «15 лет вывода Советских войск из ДРА», «20 лет вывода Советских войск из Афганистана»,   медаль «70 лет ВС СССР», «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен «Ардагер», «50 лет Победы в ВОВ 1941-1945гг», «Защитник Отечества», медаль Маршала Советского Союза Жукова Г.К. медальдарымен және «За отличную службу в МВД» төсбелгісімен марапатталған.

Әскери қызметтен келген соң Чаглинка совхоз-техникумында лобарант болып жұмыс жасайды. 1989-2008 жылдары ІІМ қызметінде түрлі дәрежедегі қызметтер атқарған. Жұмыс істей жүріп 1998 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін заңгер мамандығы бойынша бітіріп шығады. Әскери қызметінен абыроймен, полиция подполковнигі болып отставкаға шығады. Жастарға патриоттық тәрбие беру мен қатар, ауданның қоғамдық жұмыстарына белсене араласты. Ауған ардагерлері кеңесінің төрағасы. Отставкаға шыққан соң Викторовка, Зеренді, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі, қазіргі уақытта Чаглинка ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып жүр. Қызмет жасаған жерінің барлығында өзінің жауапкершілігін, қажет маман екенін көрсете білді. Өзі жүрген ортасында өте жоғары құрметке ие. Отбасылы үш бала тәрбиелеп өсірген әке.

 

18.01.2021

Қараулар: 1403

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау