Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
31 мамыр — саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi

31 мамыр — саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi. Бiз бұл күндi қаралы дата деп атап өтiп, оңай айта салғанымызбен, оның түбiнде үлкен қайғы-қасiрет жатыр…

1937-1938 жылдар аралығында ел басына келген зұлматтан 103 мыңнан астам адам нақақтан қуғын-сүргiнге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесiлдi.

Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлерi болды.

31 мамыр күнi жылдағы дәстүр бойынша Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы ескi мұсылмандар зиратында жерленген ағартушы ғалым Науан Хазреттiң, Батыр, академик Мәлiк Ғабдуллиннiң анасы Әлия Оспанқызының, ақын, қоғам қайраткерi Сәкен Сейфулиннiң перзентi Аянның рухына құран бағышталып, зиярат етiлдi және ескерткiш тасқа гүл шоқтары қойылды.

31.05.2022

Қараулар: 991

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау