2025 жылдың 14 қарашасы күнгі іс-шаралар Мәлік Ғабдуллин музейі алаңында Батыр ескертшісіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, Ақмола облысы білім басқармасының «Bolashaq saraiy»-нда Кеңес Одағының батыры, ғалым — педагог, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына, Батыр музейінің 30 жылдығына және музей негізін қалаушы, жазушы —журналист Жанатай Бекеновтың 85 жылдығына арналған «ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ. МУЗЕЙЛІК ЖАДЫ. ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ»аттыреспубликалық ғылыми конференциямен жалғасты.
Республикалық ғылыми конференцияқазақ халқының батыр ұлы М. Ғабдуллинді еске алу, оның ерлік пен еңбек жолынжас ұрпаққа насихаттау, музей ісін жаңа әдіс — тәсілдер арқылы дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Республикалық ғылыми конференцияға академик ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, жергілікті мәдениет және білім саласы қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты және республика бойынша Мәлік Ғабдуллин атындағы мектептер мен тұлғалық музейлер Zoom платформасы арқылы онлайн байланысқа шықты.
Конференцияны Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренова құттықтау сөзімен ашып,Ақмола облысындағы бірнеше музейдің ашылуына мұрындық болып, соның ішінде 30 жылдық тарихы бар Мәлік Ғабдуллин музейінің негізін қалаушы әрі алғашқы директоры, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Мәриям Кенжеахмет екеуі журналист-жазушы Ж. Бекеновтың Мәлік Ғабдуллинге арнаған «Тұғыры биік тұлға» атты кітабының тұсауын кесті, Мәриям Кенжеахметқызы Ақмола облысы әкімініңАлғыс хатымен марапатталды.
Мәлік Ғабдуллин музейінде ұзақ жылдар қызмет атқарып, Мәлік мұраларын зерттеу, жинақтау жұмыстарын жүргізген, журналист-жазушы Жанатай Бекеновтың қызы Ләззат Амиргожина құттықтау сөз айтып, әкесінің кітаптары мен жәдігерлерін музей қорына табыстады.
М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы басшысының орынбасарыЖандос Қуандықұлы Макишев пен Ақмола облыстық тарихи — өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Рахімбекұлы Мырзабек музей ұжымына алғыс білдіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференцияның негізгі бөлімінде академик, мемлекет және қоғам қайраткері Уалихан Қалижан «Мәлік Ғабдуллин туралы сөз», М. Ғабдуллиннің шәкірті, профессорСерік Негимов«Мәлік Ғабдуллин және ел әдебиеті», Ш.Уәлиханов университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек «Мәлік мұраларының шырақшысы», Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисіБайқал Байәділ Ж.Бекеновтің өмірі мен еңбек жолы туралы «Жампоз журналист», Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының профессорыСандуғаш Қасымова «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу — Ұлы мақсат», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің сеньор-лекторы Талапкер Асқарұлы Уалиев «Академик М. Ғабдуллин және Едіге жырының Советтік дәуірдегі тағдыры», Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі» КММ-нің қор сақтаушысы Кәмшат Сабыржанжас ұрпақты тәрбиелеу менмәдени мекемелер арасындағы өз ара тәжірибе алмасу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы «Жанға жарық сыйлаған екі тұлға» тақырыбындағы баяндамалар тыңдалды.
«Ғылыми таным. Музейлік жады. Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ғылыми конференциясы – ғылыми орта мен мәдениет саласының өкілдерін, музей мамандарын, зерттеушілер мен жас ғалымдарды тоғыстырған маңызды алаң. Іс-шара аясында музей ісінің қазіргі даму бағыттары, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың жаңа тәсілдері, ұлт тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеу мәселелері талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ұсыныстар мен пікірлер айтып, мәдениет пен ғылым саласында өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде шешімдер қабылдады.
14.11.2025
Қараулар: 13