14 наурыз – қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы. Адамдардың бір-бірімен амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі.
Ата-бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп, қыстан аман-есен шықтық деп ерекше қуанышпен қарсы алған.
Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланатын болды. Бұдан былай жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі аталып өтіледі.
Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні Мәлік Ғабдуллин музейінде «Қош келдің, Әз наурыз!» мерекелік кеші телевизиялық форматта өтті.
Іс-шара Наурыз мерекесінің жаңа форматта тойланып, жастар арасында насихатталуына үлес қосу мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанынан құрылған «Жауқазын» жастар театрымен бастаңғы форматында ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында тоқымқағар дәстүрі көрсетіліп, ұлттық ойындар ойналды. Осылайша әуелетіп ән салған, мың бұралып би билеген жастар кештің сәнін кіргізді.
14.03.2024
Қараулар: 433