1 қараша күнi Ақмола облысы мәдениет басқармасы Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауылым — алтын тұғырым!» атты көрме байқауының салтанатты марапаттау рәсiмi өттi.
Iс-шарада Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Рустам Төлегенұлы Бикенев пен Ақмола облыстық бiлiм басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Балапайқызы Дүйсенова құттықтау сөз сөйледi.
Көрмелердiң ұйымдастырылуына жауапты мұғалiмдер Ақмола облысы бiлiм басқармасы мен Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң алғыс хаттарымен марапатталды.
Көрме байқауының қорытындысы бойынша жүлделi III орынды Зерендi ауданы Ақкөл орта мектебi мен Бурабай ауданы Зеленобор мектеп-гимназиясы, II орынды Зерендi ауданы Қарабұлақ негiзгi мектебi мен Бiржан сал ауданы Казгородок орта мектебi алса, жүлделi I орынды Бiржан сал ауданы Ш.Әлжанов атындағы орта мектебi иелендi. Жүлдегер мектептерге М.Ғабдуллин музейiнiң шығарған баспа өнiмдерi және демеушiлер тағайындаған бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ, көрмеге қатысқан мектептер «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының және Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Iс-шарада мәдениет қайраткерi Құмарбек Қалқатай, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты Аслан Мұхамедьяров, Ақан серi атындағы жоғары мәдениет колледжiнiң студенттерi мен Бiржан сал атындағы музыкалық колледжiнiң мұғалiмдерi өнер көрсеттi.
Марапаттау рәсiмiне көрме байқауына қатысқан аудандар, мектеп директорлары мен мұғалiмдерi, мәдениет мекемелерiнiң басшылары мен қызметкерлерi, «Өрлеу» бiлiктiлiктi арттыру институтында бiлiмiн жетiлдiрiп жатқан мұғалiмдер және БАҚ өкiлдерi қатысты.
Көрме байқауына қатысқан барлық мектептерге шын жүректен алғыс бiлдiремiз.
01.11.2018
Қараулар: 2118