Тарихты білмей, болашаққа нық қадам басу мүмкін емес. Келешек ұрпақтың тәрбиесінде музейлік сабақтардың алатын орны ерекше. Кешегі бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі жастарға үлгі-өнеге. Музей қызметінің басты міндеттерінің бірі - өткізетін іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
28 ақпан күні Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкерлері Алексеевка селосындағы №2 орта мектепке барып, «Ерлердің ерлігі ұрпаққа үлгі» атты музейлік сабақ өткізді. Музейлік сабақ барысында қойылған жылжымалы көрмеде музей қорында сақталған соғыс ардагерлері туралы деректер мен кітаптар таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар назарына Ауған соғысына байланысты бейне ролик ұсынылып «Афганистан-история мужества» атты дәріс оқылды.
28.02.2024
Қараулар: 688