Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ер есімі – ел есінде»

1 қазан күні Көкшетаудың болашағы мен бүгінін тоғыстырған «Көк шалғын» аллеясының салтанатты ашылуы өтті.

Өткеннің өнегесі мен бүгіннің болмысы түйіскен жаңа бағыт «Мәңгілік алаудан» Қопа көліне дейін жалғасады.

Даңқ аллеясында орналасқан Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішінің алаңында музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ер есімі – ел есінде» атты жылжымалы көрме қойылды. Көкшетаулықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылған көрмені Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов бастаған зиялы қауып өкілдері тамашалап, оң бағасын берді.

Көкшетау қаласы бұл жолы «Шәй ішейік» фестивалінің қатысушыларына 1000 литр тәтті шәй бір мезетте ұсынылғаны үшін Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді.

Гүлденіп, жаңаша сипат алып келе жатқан қаламыз бірлік пен шыттықтың мекеніне айнала берсін!

01.10.2025

Қараулар: 32

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау