11 қазан күнi Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин музейiнде «Ауылым — алтын тұғырым!» атты көрменiң ашылу салтанаты өттi. Кезектi көрменi Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебi қойды.
Көрменiң мақсаты: Бiлiм саласы мен ғалым, педагог М.Ғабдуллин музейi арасында тығыз байланыс орнату, этно — педагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру, Елбасымыздың Қазақстан — 2050 стратегиясында нақты атап көрсетiлген мәңгiлiк қазақ елiнiң «ұлттық генетикалық кодын» түбегейлi бекiту арқылы жаңа қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру болып табылады.
Iс-шараға облыстық бiлiм басқармасының бөлiм жетекшiсi Н.С.Степанова, Қалалық бiлiм бөлiмi басшысының орынбасары Ж.С.Дандағұлова, Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығының басшысы Қ.Б.Төлекеев, мәдениет мекемелерiнiң өкiлдерi, қала мектептерiнiң ұстаздары, «Арқа ажары», «Степной маяк», «Көкшетау» гәзеттерi және «Қазақстан — Көкшетау» телеарнасы қатысты.
Iс-шара А.Мухамедьяровтың орындауындағы «Ауылдың баласымын» атты әнiмен басталды. Әншi С.Хасенов Р.Елебаевтың «Жас қазақ» әнiн орындады. Құдықағаш орта мектебiнiң концерттiк бағдарламасын тамашалағаннан кейiн М.Ғабдуллиннiң ескерткiшiне гүл шоқтарын қою рәсiмi болды.
Музейдiң көрме залында мектеп оқушылары Құдықағаш орта мектебi көрмесiмен таныстырды. Оқушылар көрменi таныстырғаннан кейiн ауыл ақсақалдары өз пiкiрлерiмен бөлiстi.
11.10.2016
Қараулар: 1600