Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
9 мамыр – Жеңіс күні

9 мамыр — Жеңiс күнi. Сұрапыл соғыстың ортасында жүрiп, ерлiк көрсеткен қаһармандардың есiмдерi ешқашан ұмытылмайды. Бұл күнi көкшетаулықтар өздерiнiң майдангер аталарын еске алып, мәңгiлiк алауға гүл шоқтарын қойып, майдангерлердiң суретiн кеуделерiне ұстап саппен жүрiп өттi.

Музей қызметкерлерi Мәлiк Батырдың рухына тағзым етiп, музей жанындағы және «Даңқ» аллеясындағы ескерткiштерге гүл шоқтарын қою рәсiмiн жасады.

Осы күнi 1942 жылы Ленинград майданы 310 атқыштар дивизиясы 1084 полкiнiң құрамында соғыста болған, туыстары үшiн iс-түзсiз жоғалып кеткен Жаманбаев Әбiлқасымның сүйегi 76 жылдан соң Ленинград облысы Киров ауданы Гайтолово жерiнен табылып, елге әкелiнiп, жер қойнына тапсырылды. Соғыс ардагерiнiң немересi Жаманбаев Қанат Қайдарұлы атасынан қалған жәдiгерлердi (жауынгер құтысы, каска, құжаттар) музейге тапсыруға ниет бiлдiрдi.

09.05.2018

Қараулар: 1302

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау