КГУ «Музей Малика Габдуллина»
управления культуры Акмолинской области
KZ RU EN
Құрметті оқырман қауым!

Көрнекті ғалым-педагог Мәлік Ғабдуллин жастар тәрбиесіне аса көп көңіл бөлген тұлға. Қалам тартқан жас қаламгерлердің көзіне түскен қандайда бір шығармаларыны ждахатпен оқып шығып, жақсы жазған ойларын, немесе кеткен кемшіліктері болған жағдайда, танысын-танымасын мекенжайын тауып алып, ағалық қамқорлығын білдіріп хаттар жолдап отырған екен. Сондай бір жазған хатына, келген жауап хатты назарларыңызға ұсынамыз.

***   ***   ***   ***   ***   ***   ***   ***   ***   ***  ***   ***   ***   ***    

Құрметті Мәлік ағай!

Сіздің хатыңызды алып аса қатты қуанышта болдым. Мұндайда жүректің бар лүпілін тілмен жеткізу оңайға соқпай да қалады. Ең алдымен айтарым көп-көп рахмет. Уақыт тауып, оқып және хат жазғаныңыз шын мәнінде қамқор жан екеніңізді танытып отыр, өте қуантарлық жағдай жастарға және танымайтын жастарға қамқорлығыңыз көрінді, тағы да рахмет.

Сіздей арыс ағалардың бізге көңіл бөлуі, осы Сіздің хатыңыз, маған зор арқау болып отыр, демеу берді. Шынымды толық сарықсам, әрі қарай қолымды суытпауға ынталандыра түссе, екінші жағынан үлкен жауапкершіліке келді.

Тілек “пожелание” деп атаған ақылдарыңыз да дау тудырмайды, ал хаттың ақырғы жағындағы тілектеріңіз “шіркін-ай, осы талап тұрғысынан шыға қалсақ деген ой тудырды”. Бәрі жақсы, тағы да рахмет.

Сізді сыртыңыздан бүкіл ел біледі. Мен де сол көптің бірімін. Аз-мұз ерекшелігім: сыртыңыздан өте қанықпын, тіпті көріп, біліп жүрген ағаларымның біріндейсіз. Осында Темірхан тұрады, ол екеуіміз                     бірер жылдар дәмдес, дастархандас ағайынбыз. Балаларымыз кезекпен екі үйге қонып жүреді. Сондықтан да Сіздерді жалпы ел азаматтарынан ерекше аға тұтамыз. Әрине, бұл жағдайларды Сіз білмедіңіз. Туып - өскен жер де Көкшетаудың Айыртауы. Мектепті Зейнікеш келініңіз бітірген Казгородок, Сырымбет түбі. Өзге жағдайларды кездесер сәт болса айта жатармын. Оқуды 1955 жылы бітіргелі осы Жезқазғандамын. Мыңбай ағай мен Нәзекең жеңгейге және Мыңбай ағайдың үйіндегі жеңгейге сәлем жолдауыңызды өтінем.

Сәлеммен, аса ардақтаушы ініңіз Кәкімбек.

21/ІХ. 1969 жыл.

Жезқазған.

Дата публикации: 22.06.2021 10:39

Последние изменения страницы: 22.06.2021 10:39

Читать все новости

Акорда Министерство иностранных дел Республики Казахстан АО «ЕНПФ» Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау