Сіздерді 2022 жылдың 14 қыркүйегі мен 25 қарашасы аралығында өтетін «Музейге сый – ұрпаққааманат!» науқанына қатысуға шақырамыз. Музейге тарихқа байланысты кез-келген затты, құжатты және фотосуретті сыйға тартуға болады.
Біз тарихқа қатысты заттарды қуана қабылдаймыз. Музей экспонаты бола отырып, бұл заттар жаңа өмірге ие болады жәненауқан қорытындысы бойынша Мәлік Ғабдуллин музейінде өтетін көрмеге қойылады.
Құрметпен, Мәлік Ғабдуллин музейінің ұжымы