27 қазан күні Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде өткен Қазақстан музей қызметкерлерінің І конгресіне М.Ғабдуллин музейінің қызметкерлері қатысып қайтты.
Ұлттық музейдің ұйымдастыруымен өткен жатқан іс-шараның мақсаты: қазіргі музей ісінің жетістіктерін, тәжірибелері мен нәтижелерін насихаттау, музей ісі мен музейлер қызметін заманауи бағытта ілгерілету, музейлердің ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру қызметін жетілдіру, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы музей рөлін дәріптеу және музейлер имиджін көтеру.
Конгресс аясында келесі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды:
«Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы және музей ісі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына М.Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері М.Жолаушина «Музей мәдени-ғылыми зерттеу орталық» және қор бөлімінің ғылыми қызметкері Ж.Қажыбай «Қор-музей қызметінің өзегі» мақалаларымен қатысты. Музей қызметкерлерінің баяндамалары «Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы және музей ісі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақалалары жинағына енді.
27.10.2023
Қараулар: 416