Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Рухани қазынаның рухты жанашырлары» алқалы кеңес отырысы

12 сәуiр күнi Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына төрт жыл толды. Осыған орай Мәлiк Ғабдуллин музейiнде «Рухани қазынаның рухты жанашырлары» атты алқалық кеңес отырысы өттi.

Алқалы жиынға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолында, Мәлiк Ғабдуллин музейi ұйымдастырған iс-шараларға өлшеусiз үлес қосып жүрген зиялы қауым өкiлдерi, яғни музей жанашырлары қатысты.

Кеңеске қатысушылар Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы А.Б.Сәбитованың алғыс хатымен марапатталды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақ баласы» және «Жемiстi жылдар» кiтаптары сыйға табыс етiлдi.

12.04.2021

Қараулар: 1526

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау