Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Заманай мен Аманай» романындағы ана мен бала тағдыры»

Қазақстанның халық жазушысы, сұлу сөздің сүлейі атанған Сәкен сері Жүнісовтің туғанына 90 жыл толды.

9 ақпан күні Көкшетау қаласындағы № 18 Сәкен Жүнісов атындағы мектеп - лицейінде Кеңес Одағының батыры, академик М.Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен «Заманай мен Аманай» романындағы ана мен бала тағдыры» атты танымдық сағат өтті.

Танымдық сағатта ақын, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры, М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Ерболат Баятұлы мен ф.ғ.к., Шоқан Уәлиханов университетінің қауымдастырылған профессоры Сәбит Жәмбек және музейдің аға ғылыми қызметкері Мейрамгүл Жолаушина сөз сөйлеп, жазушының аталған шығармасына ғылыми тұрғыда талдау жасады.

Жастарға берер тәрбиесі мен тағылымы көп Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» шығармасында туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік керемет суреттелген.

Мәдениет пен білім ошағының бірлесе ұйымдастыруымен өткен тағылымды сабақта оқушылар өздерін толғантқан сұрақтарын қойып, пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

 

09.02.2024

Қараулар: 539

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау