Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Тәжірибе алмасып, өзара ыңтымастық келісімге келді

2019 жылдан бері ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі мен М.Ғабдуллин музейінің қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдап, тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып келе жатыр.

2021 жылы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде өткен Мәскеу шайқасының 80 жылдығына арналған «За Нами Москва!» атты Халықаралық көрмесіне М.Ғабдуллин музейі қатысып, аса құнды жәдігерлер мен құжаттарды көрермен назарына ұсынған болатын.

2022 жылы наурыз айында М.Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен өткен «Ерлікке тағзым» атты көрмеге Нұр-Сұлтан қаласынан ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің ақпараттық-имидждік жұмыстары бөлімінің бастығы С.Е.Селеубаева бастаған музей қызметкерлері Әскери-тарихи музейі қорынан жинақталған 60-қа жуық жәдігерлер қойып, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Мәскеуді қорғауға қатысқан, Қазақстанда жасақталған дивизиялар туралы толыққанды мағлұмат берді.

28 маусым күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Мәлік Ғабдуллин музейі» КММ-і тарапынан директордың міндетін атқарушы С.Қ.Жүзжанова және «ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі» РММ-нің бастығы Н.Т.Асилов осыған дейін жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандумды жаңартып, алдағы уақытта да қарқынды жұмыс атқаруға келісім жасап, ынтымақтастыққа қол қойды.

Сондай-ақ, биылғы жылы Ресей мұрағатынан Мәлік Ғабдуллиннің ақылшы ағасы, майдандас серігі болған, қазақтың айбынды батыры Бауыржан Момышұлының өмірінің белгілі бір мезетінен сыр шертетін құжаттар табылып, елге жеткізілгені белгілі. Құжаттар салтанатты түрде Қазақстан Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне табысталған болатын.

Аталған құжаттар еліміз үшін бағалы, құнды һәм тарихи жәдігер екені даусыз. Меморандумның 3.3 тармағында көрсетілгендей, Қазақстан Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Бауыржан Момышұлына қатысты (Қызыл Ту орденімен марапаттау қағазы, соғыс картасы, жеке күнделігі т.с.с құжаттардың көшірмесі) біршама жәдігерлермен М.Ғабдуллин музейімен бөлісуде.

Алдағы уақытта да екі мекеме арасындағы атқарылар іс-шаралар жоғары деңгейде өтеді деп сенім білдіре отырып, «ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі» РММ-нің бастығы Н.Т.Асилов мырзаға ризашылығымызды білдіреміз.

 

28.06.2022

Қараулар: 994

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау