Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Жақсыдан тиген шарапат

4 тамыз күнi Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ғылыми қызметкерлерi батыр туралы деректердi толықтыру мақсатында Ақмола облысы Зерендi ауданы Қарлыкөл ауылының зейнеткер тұрғыны, тарихшы, өлкетанушы, Ақмола облыстық, ұлттық патриоттық қозғалысының төрағасы Ерден Төлеген Кибратұлымен кездесiп, сұхбат жүргiзiп қайтты.

Төлеген Кибратұлы 1981-86 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тарих факультетiн бiтiрген. Мәлiк Ғабдуллинмен бiрге ғылымның көкжиегiне көтерiлiп, тереңiне бойлаған ұстаздардан бiлiм алған шәкiрт ұлағатты ұстаздарының ұлт мақтанышы — Мәлiк Ғабдуллин жайында айтылған естелiктерi мен жылы лебiздерiн көңiл-көкiрегiнде мәңгiге қалдырған екен.

Сол бiр жылдардың тамаша естелiктерiмен және өзiнiң бауыры Қорлан апайының Алматы қаласында жұмыс iстеп жүрiп, Мәлiк Ғабдуллиннiң бiраз қолжазбаларын жазу машинкасында терiп бергенi жайында әсерлi әңгiме тарқатты.

Алдағы уақытта тағы бiр осындай сыры ашылмаған естелiк айтар кейiпкермен жұмыс жүргiзу жалғасын табатын болады.

04.08.2021

Қараулар: 1765

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау