Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
ЖОЙЫЛСЫН ЖАЛҒЫЗ СӨЗ «СОҒЫС» ДЕГЕН...

22-шi маусым күнi Мәлiк Ғабдуллин музейi қызметкерлерiнiң ұйымдастыруымен «Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген» атты iс-шара өттi.Кездесу-кештiң құрметтi қонақтары — ел басына күн туған шақта елiн-жерiн жаудан қорғап, майдан даласында қаза тапқан Қажыбай Сыздықұлының ұрпағы — ҚР ақын-жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, жазушы-драматург Төлеген Қажыбай; соғыс басталғанда өрiмдей жас жiгiттер, адамзатты қанқұйлы фашизмнiң аранынан аман алып шыққан, қазiргi уақытта ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, елдiк пен ерлiктiң түпқазығы болып отырған ардагерлерiмiз — Дәулетов Асылбек Жәзиұлы мен Сызанов Балташ Сызанұлы өз естелiктерiмен бөлiсiп, жас ұрпаққа өсиет-баталарын бердi.Iс-шараға Ақмола облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ғ.Төлеғұл, облыстық Қарулы күштер ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы М.Елеусiзов, Ауған соғысы ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы Д.Ыбрай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының бас маманы Д.Ахметов, iшкi саясат басқармасының бас маманы Б.Әшiрбеков, Тiлдердi дамыту басқармасының бөлiм басшысы А.Бекенов, әскери комиссариат, мәдениет мекемелерiнiң қызметкерлерi, Көкшетау техникалық институтының курсанттары және БАҚ өкiлдерi қатысты.Кеш соңында облыстық мәдениет, iшкi саясат және Тiлдердi дамыту басқармалары кеш қонақтарына сый-сияпаттарын табыс еттi. Танымал әншi Сәрсенбай Хасеновтың орындауындағы «Жас қазақ» және т.б. әндер көпшiлiк көңiлiнен шығып, iс-шараның мәнiн аша түстi.

        

22.06.2016

Қараулар: 1178

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау