Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Ғылыми кеңес

11 қаңтар күні Кеңес Одағының батыры, академик М.Ғабдуллин музейінде 2023 жылдың алғашқы Ғылыми кеңес отырысы өтті.

Аталған жиынға ғылыми кеңес мүшелері мен музей ғылыми қызметкерлері қатысты.

Ғылыми кеңестің модераторы: ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Ерболат Баят.

Ғылыми кеңестің күн тәртібінде М.Ғабдуллин музейінің 2023 жылдың жұмыс жоспарымен таныстыру.

  1. Қайтадан өңделіп, баспаға дайындалған М.Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» кітабына енетін мақалалармен таныстыру және талқылау.
  2.  Ғылыми кеңестің тұрақты құрамын бекіту және ғылыми кеңестің төрағасын сайлау мәселелері қаралды. Ғылыми кеңестің құрамы бекітілді: Кеңестің төрағасы: Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, ф,ғ,д Бердібай Шалабай.

Кеңестің мүшелері:

  1. Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, ф,ғ,д С.Жәмбек
  2. Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, ф,ғ,к, әдебиеттанушы, Аян Қажыбай
  3. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ақмола облыстық өлкетану музейінің директоры Қ.Мырзабек
  4. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, философия докторы, Ерболат Баятұлы
  5. ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының профессоры, ф.ғ.к., азаматтық қорғау полковнигі Қасымова Сандуғаш
  6. М.Ғабдуллин музейі директорының міндетін атқарушы Серікжан Жүзжанова.

11.01.2023

Қараулар: 691

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау