Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Жоғары марапат!

Ақорданың төрінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Осы мерейлі сәтте Қазақстанның құрметті журналисі, қарымды қаламгер, ақын, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Байқал Қайырлыұлы Байәділ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы» аясында табысталатын «Отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» дипломымен марапатталды.

Бұл – Байқал Қайырлыұлының қазақ журналистикасының дамуына, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және ел руханиятына сіңірген ұзақ жылғы еңбегіне берілген аса жоғары баға. Мәлік Ғабдуллин музейінің ұжымы әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейді! Марапатыңыз құтты болсын! Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз әрдайым жемісті бола берсін!

 

25.06.2026

Қараулар: 81

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау