Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Музей қызметкерлерінің лагер демалушыларымен кездесуі

18 маусым музейдiң ғылыми қызметкерлерi Зерендi ауданында орналасқан М.Ғабдуллин атындағы демалыс базасында өздерiнiң жазғы демалыстарын өткiзiп жатқан балаларға Мәлiк батырдың өмiрi мен шығармашылығынан сыр шертетiн "Ғажайып өмiр баспалдақтары" атты жылжымалы көрме мен Ақмола өңiрiнен шыққан батырлар С.Нұрмағанбетов, Р.Қошқарбаев, Т.Бигелдинов, Р.Елебаев туралы толыққанды мағлұматтар бердi.

Сондай-ақ, Республикалық "Жас ғабдуллиншiлдер" клубының жұмысы туралы баяндап, жас бүлдiршiндерге М.Ғабдуллиннiң батырлығы мен ғалымдығын, адами асыл қасиеттерi туралы айтылды.

Осындай насихат жұмыстарын жүргiзу негiзiнде өңiрлерде жас мәлiктанушылардың қатары көбейедi.

Батырдың есiмiмен аталатын лагерьде М.Ғабдуллиннiң шығармашылығы мен батырлығына арналған музей ашу жоспарда бар.

18.06.2019

Қараулар: 995

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау