25 шiлде Мәлiк Ғабдуллин музей қызметкерi Б.Омаров Ақмола облысының Қазақстан Республикасы iшкi iстер министiрлiгi Төтенше жағдай комитетi Көкшетау техникалық институтының тындаушыларын Мәлiк Ғабдуллинннiң өмiрi мен шығармашылығынан сыр шертетiн «Ғажайып өмiр баспалдақтары» жылжымалы көрмемен таныстырды.
Қатысушылар ұсынылған ақпаратты мұқият тыңдады, қызықты сұрақтар қойып, олар толық жауап алды.
Сондай-ақ, М.Ғабдулиннiң елге келген сапарынан түсiрiлген 1943 жылғы деректi фильм көпшiлiк назарына ұсынылды.
Сонында, музей қызметкерi өртсөндiрушiлерге денсаулық және жұмыстарында сәттiлiк тiледi.
25.07.2019
Қараулар: 1163